Білім

Санжар әлемдік додада топ жарды

Олимпиада

Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Санжар Хамит Анталияда өткен халықаралық пәндік олимпиаданың жеңімпазы атанды.

Білім сайысына жалпы білім беретін мектептердің бастауыш, орта және жоғарғы сынып оқушылары, Түркиядан, Ресей Федерациясынан және басқа да ТМД мемлекеттерінен келген оқушылар қатысты.

Санжар география пәнінен 160 қатысушының ішінен І орын, ағылшын тілінен ІІІ орынды иеленді.

— Олимпиадаларға қатысу арқылы өз-өзімді шыңдай бастадым. Әрине, жетістікке жетуіме ұстаздарымның сіңірген еңбегі зор. Ендігі кезекте жаңа белестерді бағындыруға тырысамын, — дейді С.Хамит.

Бұған дейін ол «GoGlobal» және «GoWest» IX халықаралық олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындардан көрінген болатын.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button